Шымкент: Назарбаев даңғылындағы көше жарықтары қосылды

Н.Назарбаев даңғылы мен Ж.Шаяхметов көшесінен Қ.Патеев көшесі аралығындағы түнгі жарық шамдар іске қосылды.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған көшелерді жарықтандыру жұмыстары «ABM Building» ЖШС-і тарапынан атқарылып отыр және 2 шақырым көшеге 63 жарықтандыру бағаналары орнатылды. Айта кету керек, бүгінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, енді қазіргі уақытта қаладағы көше жарық шамдары кешкі 20:20-да қосылып, таңғы 6:30-да өшіріледі.

Егер, көше шамдарында қандай да бір мәселе туындаса төмендегі диспетчерлік қызметке хабарласуды сұраймыз: 8 (7252)- 45 –04-80

Айта кетейік, Шымкентте биыл 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. 2021 жылға бөлінген қаржы көлемі – 3,8 млрд теңге.

Атап айтқанда, ауыз су (32,7 шақырым), жылу (9,9), электр қуаты (69,9 шақырым), газ жүйесі (21,9 шақырым), жолдардың (19,4 шақырым) құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінгі таңда игерілген қаржы – 852,5 млн. теңге. Жыл қорытындысы бойынша 13 нысан пайдалануға беріледі.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.