Шымкент: Наурыз мерекесіне орай «Qyzyqty Park» атты мәдени пикник өтеді

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай Шымкент тұрғындары үшін қаланың Орталық саябағында арнайы «QYZYQTY PARK» атты мәдени пикник ұйымдастырылуда.


20-23 наурыз аралығында өтетін іс-шара бағдарламасына сәйкес, ойын-сауық, зияткерлік спорт аймақтары және отбасы мүшелері үшін түрлі ойын түрлері қамтылған.

Ал, балалар үшін саздан мүсін жасау, сурет салу, қыштан қолөнер бұйымдарын жасау бағытында түрлі шеберлік сыныптары өткізілмек. Сондай-ақ, пикник қонақтары күні бойы ауқымды музыкалық бағдарламаны тыңдап, рухани демалуына мүмкіндік бар.

Саябақ аумағында көптеген интерактивті өнер қондырғылары мен жайлы демалыс орындары қамтамасыз етіледі. Пикник таңертеңгі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

Ескерте кетейік,аталған шарада тұрғындар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, санитарлық қауіпсіздіктің барлық талаптарын қатаң ұстануы тиіс.

Айта кетейік, қалада 14 наурыздан бастап «Наурыз Шымкентте басталады» атты іс-шаралар онкүндігін өткізу жоспарланған, яғни наурызды атап өту мақсатында әр күннің іс-шаралары белгіленген. 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.