Шымкент: «НR – PROCESS» бағдарламасы арқылы 250 азамат жұмысқа қабылданды

Шымкент қаласында «HR-Process» бағдарламасы аясында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі жалғасын тауып келеді. Бүгінде жүйені пайдаланушылар саны 3 278-ге жетіп отыр, деп хабарлайды Anyq.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аталған жүйе арқылы 106 мектеп 499 бос жұмыс орынына конкурс жариялаған. Оған 2 134 өтініш келіп түскен.

Ал, комиссия қарауында болған 555 кандидаттан 1 865 өтініш түсіпті. Оның ішінде 250 азамат конкурс жеңімпазы атанып, жұмысқа қабылданды.

Еске сала кетейік, «HR-Process» жүйесі білім беру саласындағы бос орындарына жұмысқа тұру үшін өтініш беру мен оны өңдеу барысын автоматтандыруға арналған. Сондай-ақ, осы портал арқылы үміткерлер мен бос орындарының дерек қорын құру қолға алынды. Басты мақсат — заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыру.

Яғни, үміткерді таңдау кезінде меритократия қағидаларын сақтау және ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.