Шымкент: Отан қорғаушылар күніне орй «Сәлем хат!» акциясы өтті

Шымкентте 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік акция өтті.


«Сәлем хат!» акциясын қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған.

«Көл» субұрқағы маңындағы қоршаулар түрлі-түске боялып, құттықтаулар мен сәлем хаттар ілінген. Онда қаладағы мәдениет ошақтарының қыз-келіншектері ағаларына, інілеріне, әкелері мен замандастарына деген ізгі тілектері мен құттықтауларын қағазға түсірген.

— Бұл идеяны басқарма басшысы Ханзада Есенова ұсынды. Ондағы мақсатымыз — аналардың, қыз-келіншектердің әскердегі ұлдарына, аға-інілеріне деген сағынышын, махаббаты мен құрметін жеткізу. Арулардың сәлем хаттарынан олардың ыстық ықыластары көрініс табады. Қазіргі жағдайға байланысты карантин талаптары сақталуда. Болашақта дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз, — деді Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының орынбасары Марат Оразметов.

Акция аясында «Қазына» би тобының өнерпаздары елдегі арулардың әскердегі замандастарын күтіп алу сәтінен сазды-сахналық көрініс қойды. Ақжарма тілектер төгілді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.