Шымкент: Полицейлер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының №10 учаскелік полиция пункті қызметкерлері Сералиев Серғазы және Орынбай Елдар қоғамдық көмекшілер бірлесе қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Қасиетті Разаман айына орай тәртіп сақшылары мен олардың көмекшілері көмекке мұқтаж отбасылардың біріне барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. Сауабы мол игі іске ұйытқы болғандардың бірі — Нигара Мусаева. Ол 8 жылға жуық қоғамдық тәртіп пен қылмыстың алдын алуда полиция қызметкерлеріне көмекші ретінде қызмет көрсетіп келеді.

«Ораза айында қайырымдылық шарасын арнайы қолға алдық. Себебі қоғамдағы түрлі санаттағы осал топтағы жандарға қол ұшын созу баршамыз үшін азаматтық парыз. Полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырған бастамамыз алдағы уақытта да жалғасады»,- деді Н. Мусаева.

Қайырымдылық көмектің шарапатын сезінген отбасы өкілі ризашылығын білдіріп, батасын берді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.