Шымкент: Республикалық олимпиаданың үздіктері марапатталды

Шымкентте республикалық олимпиаданың үздіктері анықталып, марапатталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Наурыз мерекесі қарсаңында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды.

Олимпиадада ең үздік нәтиже көрсеткен 85 оқушы республикалық кезеңге жолдама алса, білімді топтар «Ең үздік олимпиадалық команда — 2021» номинациясының иегерлері атанды.

Жүлдегерлерді марапаттау М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтті.

Салтанатты марапаттауда үздіктерді білім бәйгесіне қосқан ұстаздарға да құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына атсалысып жүрген мектеп директорларына да алғыс хаттар табысталды.

Оларды педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық «Дарын» орталығының директоры Раушан Джеренова мен М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Мұрат Айтуреев арнайы құттықтап, дарынды жастарды әрдайым қолдайтынын және шаһардағы үздік оқушылардың одан әрі дамуы үшін жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.