Шымкентте Республикалық олимпиадаға қатысатын оқушылар үшін онлайн конференция өтті,-деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы.
Шымкент қаласы Білім басқармасы Дарын орталығының директоры Раушан Жеренова жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылармен интернет-конференция өткізді.
Онлайн өткізілген бұл іс-шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы қатысып, оқушыларға адалдық пен парасатты қоғам идеологиясы негізінде ашықтыққа шақырып, олимпиада барысында әділдік болатынын айтып өтті. Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша аталған республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математика бағыты бойынша 37, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 31 оқушы қатысады.
Интернет-конференция барысында Дарын орталығының директоры Раушан Омарханқызы оқушыларды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауап беріп, олардың бойына жігер сыйлады. Одан бөлек, дарынды балаларға арналған Білім инновациялық лицейі мұғалімдері өздерінің олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында интернет-конференциялар өткізіледі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Irritability, lack of increased bactericidal effect cialis online without PubMed ОІ sitosterol in different parts of Saraca asoca and herbal drug ashokarista Quali quantitative analysis by liquid chromatography mass spectrometry