Шымкент: «Самал» қосалқы станциясының 70 пайызы қалпына келтірілді

Шымкентте «Самал» қосалқы станциясының 70 пайызы қалпына келтірілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


21 наурыз күні Абай ауданы аумағындағы «Самал» электр тарату қосалқы станциясында болған ақау салдарынан өрт шығып, оның салдарынан қаланың 21 мың тұрғыны электр жарығынсыз қалған болатын.

Қазіргі уақытта аталған қосалқы станцияны қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде жұмыстардың 70 пайызы аяқталған.

Осыған байланысты энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

– Қазір техникалық жабдықтар 100 % нысан басына жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары мамыр айының соңында аяқталады, – деді Б.Булатбеков.

Айта кетейік, өртенген қосалқы станцияны қалпына келтіру жұмыстарын «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің мамандары атқаруда.

Айта кетейік, Шымкентке қарасты барлық аумақтар 2025 жылы коммуналдық қызметпен толықтай қамтылатын болады. Яғни көрсетілген мерзімде мегаполистегі бірде-бір тұрғын ауыз судың тапшылығын, жарықтың жоқтығын, көгілдір отынның тартылмағанын сезбейтін болады деп жоспарлануда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.