
Қала аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуіне байланысты Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан ірі сауда орындарына барып, санитарлық-тазалық шараларымен танысты.
Бұл ретте «Алаш» және «Жабық» базарларына арнайы ат басын бұрған Бұхарбай Рысқұлұлы сақтық жұмыстарының жүргізілу барысын күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар Б.Парманов аудан аумағындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық орындарында дезинфекция жасалуын және санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша жауапты орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, «Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүруде.
Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) тарапынан коммерциялық құрылымдарға іріктеп, тексеру жұмыстары іске асырылуда. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысы бақылауда тұр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.