Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тағы бір негізгі міндеті аталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тағы бір негізгі міндеті – соттар мен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали өз пікірін білдірді.


Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлықпен күресіп, азаматтардың мүддесін қорғауға міндеттелген органдарда да сыбайлас жемқорлық орын алуда. Бұл азаматтардың құқық қорғау жүйесінің қызметіне деген сенімсіздігін қалыптастырады. Осы орайда мемлекет басшысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың жемқорлық әрекеті үшін жазаны қатайту бойынша нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, темір тордың арғы жағында отырған жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтыны және жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатындығын нақтылап берді. Осындай шаралардың қолданылуы лауазымды тұлғаларға қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармастан бұрын жақсылап ойлануларына түрткі болады деп есептеймін,-деді Асқар Жұмағали.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.