Шымкент: Теміржол вокзалында санитарлық талап сақталуда

1 маусымнан бастап еліміздің ірі қалаларында  темір жол вокзалдары қайта ашылып, пойыздар  жолаушы тасымалдай бастады.


Бірінші кезеңде республика бойынша 54 пойыз қатынайды. Шымкенттегі теміржол возкалынан әзірге Алматы, Нұрсұлтан, Петропавл бағытында  қатынауға  рұқсат бар. Сонымен қатар, бірінші кезеңде алты ғана жолаушылар пойызы жүреді. «Шойын арбалардың»  орнынан қозғалуы қаланың тамыран қан жүгірткендей болды.

Алайда бұл қауіптің сейілгенідігін білдірмейді. Вирус әлі де «көше кезіп жүр». Сондықтан сақтық шаларын сақтаған дұрыс. Ережеге сай Шымкенттегі жұмысын қайта бастаған вокзалға тек бетпердемен кіруге рұқсат. Ғимаратқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуы  арнайы   жабдықпен термометрмен тексерілуі тоқтаған жоқ.

 «Бірінші кезеңде 54 жолаушылар пойызы  жүре бастаса, екінші кезеңде  тағы 34 қосылады.  Шекара ашылғанда  теміржол байланысы толық іске қосылады. Оның жүзеге асырылуын қамту мақсатында барлық сақтық шаралары  орындалуы тиіс. Бізде барлығы бетперде киіп жүр, ғимаратта және вокзал аумағында жиі залалсыздандыру ылғалды тазалау шаралары жүргізілуде», — дейді Шымкент темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.