Шымкент: «Тілдарын-2021» байқауында үш тілді меңгерген жастар бақ сынасты

Шымкентте дәстүрлі «Тілдарын» байқауы өтті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған білім бәйгесінде студент жастар үш тілде сайысқа түсті.


Қатысушылар үш тілде отбасы туралы әңгімелеп, сүйікті шығармаларынан үзінді оқып, мақалдарды, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын талдап берді. Конкурсқа келер алдында «Шымкент — сүйікті қалам» тақырыбында эссе жазды. 40 үміткердің ішінен 18-22 жас аралығындағы 13 қатысушы іріктеліп, бүгінгі кезеңде 8-і жүлделі орындар иемденді.

Үміткерлер бірінші кезеңде Шымкент қаласының 2200 жылдығына арнап, үш тілде эссе жазды. «Тұсаукесер» деп аталатын екінші кезеңде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өздерін таныстырды. Ал үшінші кезеңде қатысушылар ағылшын тілінде 3 шумақ өлеңді жатқа оқыды. Төртінші кезеңдегі «Тыңдалым» бойынша қатысушылар берілген 20 минуттың ішінде ҚАЗТЕСТ жүйесінің В2 деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындады. Ең соңғы бесінші кезеңде экранда берілген қазақ тіліндегі фразеологизмдердің орысша, ағылшынша баламасын үш минуттың ішінде тауып үлгерді.

Байқауға «StudyLink» ағылшын тілі мектебінің директоры С. Санаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Р.Усенова және «Жан Ару» оқыту орталығының директоры С.Байгуттиева қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде иегері болып М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының студенті Аяжан Нұрмаханқызы танылды. Ол республикалық тіл білімі конкурсына жолдама алды. Ал 1-орынды Мафтуна Игамбердиева иеленсе, 2-орын Аружан Жанызақова, Айгүл Нұрмұхамедова, Санжар Абдіжамиловқа бұйырды. 3-ші орынды Нұрсая Еділбайқызы, Демеу Камила, Айша Абдуали иеленді.

Айта кетейік, аталған байқаудың өткен жылдардағы жүлде иегерлері қатыстырылмады. Байқау жеңімпаздары мен ынталандыру иелері алғысхаттармен марапатталады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.