Шымкент: Тұран ауданында балаларға арналған 40 жоба жоспарланған

Шымшаһардың Тұран ауданын 220,7 мың тұрғын мекендейді. 36 300 гектар жерді алып жатқан аумақта 39 357 жер үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар. Олардың бәрін сапалы ауыз сумен, көгілдір отын және электр қуатымен қамту оңайға түспейді. Дегенмен бұл шаруа әкімдік тарапынан оңтайлы атқарылып келеді.

Мәселен, Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Жоспар бойынша 2026 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетуі тиіс. Ауданның 85,7 пайызы табиғи газбен, ал 95,2 пайызы электр қуатымен қамтылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделген. Биыл кәріз жүйесімен қамту 57,1 пайыз болса, 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі жариялаған мәлімет бойынша, Тұран ауданында 50 көшеге, 37,2 шақырым асфальт салу жұмыстары атқарылады. Барлығы 43 көшеге аяқжол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 39 көшенің құрылысы аяқталды, қалған 4 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ он айдың көрсеткіші бойынша жарықтандыру жұмыстары қарқын алған. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысымен 400 көше жарықтандырылды. Аудан аумағындағы 79 аула аралықтарына 154 дана жарықшам орнату бойынша мердігер мекемемен жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша 32 көшеге 13,4 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 24 көше жұмысы аяқталды, 4 көшенің құрылысы жүруде.
Ауданда балаларға арналған 40 жоба жоспарланған. Оның ішінде 30 ойын алаңы, 8 кешенді алаң, 2 спорт алаңы және 2 нысан бойынша жұмыс атқарылуда. 20 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан Түркістан шағын ауданындағы Айқап көшесіне балалар ойын алаңшасын және Рысқұлбеков көшесіне тренажерлық алаңша орнатылды. Оған қоса, 24 нысан бойынша мердігер анықталып, жұмыстар атқарылуда. Тозығы жеткен 30 ашық спорт алаңшаларының жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Айта кеткен жөн, биыл балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін ұзындығы 5 шақырымға жуық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына веложол салынды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы баспалдақ жасалды. Аудан аумағында демеушілер тарапынан 2 демалыс аумағы: Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал) және Мадлен мейрамханасы аумағында тұрғындар игілігіне берілді.

Тұран ауданында қоқыс алаңшаларындағы қоқыс қалдықтарын жинауға арналған контейнерлер де жаңартылды. Мұнда 54 қоқыс алаңшасы, 260 қоқыс контейнері бар. Аудан аумағында қоқыс контейнерлері 100 пайыз жаңартылады. Жоспарға сәйкес, биыл аудан аумағында 3060 қоқыс жәшігі орнатылды.
Сонымен қатар, биыл 3 көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтеді, 5 үйдің жедел сатысы ауыстырылады.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin