Шымкент: Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды

Қала әкіміне “Тұран-2” шағынауданындағы бірнеше тұрғын үйдің тұрғындары жылудың жоқтығына қатысты шағымдарын білдірген болатын.

“Куатжылуорталық-3” коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беріп, жағдайды зерделеуді бастады. Нәтижесінде, белгісіз азаматтар бірнеше рет құдықтағы ысырмаларды жауып, подъездердегі апаттық су төгетін кранды ашық қалдырғаны анықталды. Бұл әрекеттер жылу беру жүйесіне кедергі келтірген.

Сонымен қатар, Абай атындағы саябақ арқылы өтетін магистральдық жылу желісіндегі дренаждық кранның да қасақана ашылғаны белгілі болды.

Қала әкімінің тапсырмасымен құқық қорғау органдары бұзақыларды анықтау мақсатында тергеу шараларын жүргізетін болады. Тұрғындарға қолайсыздық туғызған заңбұзушыларға қатысты қатаң шаралар қолданылатын болады.

Шаһар басшысы барлық азаматтарды қалалық ортақ мүлікке ұқыпты қарауға және вандализм әрекеттерін байқаған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.

  «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin