Шымкент: Фермерлерге фитосанитарлық сертификат берілуде

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарушы фермерлерге фитосанитарлық сертификат беру мәселесі толық шешімін тапты.


Өткен аптада осы құжат үшін   таңатырып  тұрып қалған жүк көліктері  жүргізушілерінің наразылығынан соң бірнеше  өзгеріс жасалды. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарынан фитосантиралық 9 маман көмекке шақырытылды.  Олар қазір Шымкентте уақытша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ мекеменің және электронды құжаттар базасының жұмыс уақыты кешкі сағат 8-ге дейін ұзартылды. Қызметкерлер ендігі жерде демалыс және мереке күндері де үзіліссіз қызмет атқаратын болады. Бүгінгі таңда олар күніне 200-ге тарта ауыл шарушалығы өнімін тиеген жүк көлігіне қажетті құжаттар рәсімдеп үлгеруде. Соның нәтижесінде қазір фитосантитарлық сертификат алу үшін ешқандай кезек жоқ.  Айта кетейік осы кезге дейін аумақтық инспкеция құрамында небәрі 4 қызметкер ғана жұмыс істеп келген.  Аймаққа арнайы барып,  жағдайға қаныққан министистрлік өклілдері енді инспекцияның құжат рәсімдейтін  мобильді  орталық жасақтау ісі де қолға алынбақ.

  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген жүк көліктері жиналатын алаңшада  фитосантиралық пост ұйымдастырайын деп жатырмыз. Ол жерде 2 қызметкер болады. Тиісті бөлеме, құралдар, құжаттар базасы қойылады.  Соның арқасында жүк көліктерінің  басына барып, көруге де, аз уақытта рәсімеіне жеңіл болады»,- дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.