Шымкент: Фируза Қонаева медициналық қызмет сапасын көтеруге өз үлесін қосып жүр

Медициналық қызмет сапасын көтеруге өз үлесін қосып жүрген маман Шымкентте тұрады.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі – Фируза Қонаева.

Фируза Қонаева – денсаулық сақтау саласының үздігі, бір сөзбен айтқанда нағыз адам өмірінің қорғаушысы. №4 қалалық емханасында күндізгі стационар мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Білікті дәрігер 20 жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етеді. Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлесін қосып жүр. Ақ халатты абзал жан медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деп есептейді.

Күндізгі стационарда айына 53 пациент қабылдап, медициналық қызметті ілгерілетуде табанды еңбек етіп келеді.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.