Шымкент: «Халық алғысы» медалі табысталды

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азамат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды.


Алғыс иегерлері арасында үшінші мегаполистің БАҚ өкілдері, еріктілер ұйымы мен белсенді азаматтар бар.
Марапат иелеріне медальді «Көрме» орталығында өткен іс-шарада Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева арнайы табыстады.
— Пандемиямен күрес барысында қаламыздың белсенді тұрғындары мен еңбек ұжымдары қажырлы еңбек көрсетті. Алғы шепте қызмет еткен тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне қолдау көрсеткен волонтерларға және ақпараттық қолдау ұйымдастырған журналистер қауымына ризашылығымды білдіремін!
Баршаларыңызға үлкен рахмет! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сіздердің еңбектеріңізді ерекше бағалап, «Халық алғысы» медалімен марапаттауда. Дүниеде халықтың алғысынан артық алғыс жоқ. Бұл марапат халықтың Сіздерге деген сенімінің жоғары екендігін білдіреді. Алдағы уақытта еліміздің өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге сенімім мол. Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Марапаттарыңыз құтты болсын! — деп Жанар Әлібекқызы алғы шепте жүрген барлық белсенді азаматтарға алғысын білдірді.
«Халық алғысы» медалімен марапатталған азаматтардың тізімі:
ТОЙБОЛОВА Салтанат Хайруллақызы — «Айғақ» телеарнасының бас редакторы;
ЖАҚСЫЛЫҚОВА Ардақ Төрегелдіқызы — «NAR TV» телеарнасының бас редакторы;
ХАМЗИНА Әсел Қайыргелдіқызы — Шымкент ақпарат орталығының ЖШС-нің бас редактор-директорының орынбасары;
ҚОБЛАНОВА Нұргүл Туреқызы — «KazExpertTrade» ЖШС-нің директоры;
СҮГІРБАЕВА Гүлжан Дәулетбекқызы — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының міндетін атқарушы;
ӘБДІКЕРІМҰЛЫ Азамат Шымкент қаласы ҚМБД өкілінің іс-жүргізушісі;
ӘДІЛОВ Марат «Жария қоғамдық» бірлестігінің төрағасы;
АЛПЫСОВА Әсел Серікбайқызы «Благодарю» волонтерлық қозғалысының жетекшісі;
АРАЛБАЕВА Нұргүл Изатуллақызы Ізгілік әлеуметтік үйінің меңгерушісі;
АСАН Жазира Тилеубергенқызы«Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорының волонтеры;
ӘУЕЛБЕКОВА Гүзал Тіленбекқызы «Волонтеры Шымкента» волонтерлық қозғалысының жетекшісі;
АХМЕТОВ Жандос Сапарғалиұлы «Бізбен бірге» еріктілер ұйымының мүшесі;
АШИМОВА Жасмин Асқарқызы «Бізбен бірге» еріктілер ұйымының мүшесі;
ӘЛІШЕР Ердос Ерланұлы «Шымкент темір жолы» волонтерлық қозғалысының волонтеры:
БЕЙСЕНБЕКОВ Бақытбек Маратұлы «ASAA» Шымкент қаласы ACCESS бітірушілері» қоғамдық ұйымының волонтеры;
ВЕРОЦКАЯ Гүлжан Ералықызы «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығының директоры;
ЕРТАЕВ Көмек Ережепұлы «Shymkent volunteers» волонтерлық қозғалысының волонтеры;
ЕСІРКЕП Назерке Бақытбекқызы «Meyirim.kz» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы;
ҚАСЫМОВ Нұрсұлтан Бахадырұлы «Meyirim.kz» қоғамдық қайырымдылық қорының волонтеры;
МЫРЗАХАН Перизат Нұрайдарқызы «Shymkent volunteers» волонтерлық қозғалысының волонтеры;
ОРАЛОВА Динара Құрманбекқызы «Shymkent volunteers» волонтерлық қозғалысының волонтеры;
РАХЫМЖАН Жазира Әзімханқызы «Лига волонтеров Шымкента» волонтерлық қозғалысының жетекшісі;
РАШИТОВА Наргиза Ирискуловна «Добряки Шымкента» волонтерлық қозғалысының жетекші-үйлестірушісі;
САДАНОВ Айдар Калимолданович «ASAA» Шымкент қаласы ACCESS бітірушілері» қоғамдық ұйымының волонтеры;
САЙМҚҰЛОВА Айнұр Амангелдіқызы «Волонтеры Шымкента» волонтерлық қозғалысының волонтеры;
СЫРЛЫБАЕВ Абай Сырлыбайұлы Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының консультанты;
ТІЛЕУБЕРГЕНОВА Диана Талғатқызы «Atlas» концерт-холлының арт-директоры;
ЦХАЙ Иван Андреевич «Волонтеры Шымкента» волонтерлық қозғалысының волонтеры;
ТАУБАЕВ Ахмет «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорының волонтері;

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.