Шымкент: Шалғайдағы шағынаудандар ауызсумен қамтылуда

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында магистралды су жүйесіне қосу шаралары жүргізілуде.


Былтыр Абай ауданы аумағындағы 8 елдімекенді сапалы ауызсумен қамту жоспарланған. Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлының айтуынша, аталған елдімекендердің құрылыс жұмыстарына 8,4 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен 2020-2021 жылдарға қаржы бөлінген.

Атап айтқанда Көкбұлақ, Игілік тұрғын алаптарына су құбыры тартылды. Өткен жылы Жаңаталап тұрғын алабы, Ынтымақ-2 шағынауданының батыс аумағы, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Нұршуақ шағынаудандарында да арнайы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл аудан аумағындағы 25 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылады деп күтілуде.

– Ауызсудың жоғы жайсыздық тудыратын. Дегенмен, аудан әкімдігі тарапынан аптасына екі рет таза су жеткізіліп тұрды. Қазір елді мекендерге су құбыры тартыла бастады. Бұған ауыл болып қуандық, – дейді Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғыны Мақпал Орақбаева.

Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын айтады.

Биыл Құрсай шағынауданын, 282, 283 орамдар мен Агрофирма Қарасу аумағын, Ақтас-2 тұрғын алабын, Арғымақ шағынаудандарын сапалы тіршілік нәрімен қамту жұмыстары жалғасуда. Оған 6,6 млрд. теңгенің жобалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 млрд 653 млн теңге бөлінді. Биыл Абай ауданына қарасты шағынаудандарға таза ауызсу келеді. Мұнан бөлек шалғайдағы елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Айта кетейік, 2020 жылға дейін Абай ауданындағы кейбір шағынаудандар мен тұрғын алаптарында ауызсу мәселесі күрделі болды. 323 мыңға жуық халық тұратын 34 елдімекеннің оны ұңғыма және тасымалды суды пайдаланды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

8 592 Comments

  1. Гомбрих история искусства читать онлайн.
    Как развивается мышление.

    Три цвета греха. Обществознание баранов огэ.
    Тип личности истероид. Логическая речь это.