Шымкент: Шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағыты іске асырылады

«Бизнестің жол картасы — 2025» аясында шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағыты іске асырылады.


Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

– Шағын бизнесті қолдау маңызды болып отыр. Кредиттер мен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу – шағын және орта бизнестің, әсіресе, микробизнестің даму факторы. Сондықтан «Бизнестің жол картасы — 2025» мембағдарламасына «микро және шағын бизнесті микрокредиттеу» жаңа бағыты қосылады», — деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Жаңа бағыт 6 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. Несие көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес субъектілері кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты. Даму қоры негізгі займның 85 пайызына дейін кепілдендіреді.

«Жаңа бағыт «Бизнестің жол картасы — 2025» мембағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ, рәсімдер мен екінші деңгейлі банктерді тартуды талап етеді. Сондықтан, жаңа бағытты осы ай ішінде іске қосу жоспарланып отыр, — деді Дәленов.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 529254 543463Nice post. I learn something far more challenging on different blogs everyday. It will always be stimulating to read content material from other writers and practice a little something from their store. Id prefer to use some with the content material on my weblog whether you dont mind. Natually Ill give you a link on your web weblog. Thanks for sharing. 988727

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.