Шымкент: Қарағаш көшетінің 87 мың данасы егілді
Қала тұрғындарының қатысуымен бүгінде Шымшаһарда ағаш отырғызу шаралары жалғасуда,-деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Көшет егу дәстүрін бұл жолы қаладағы Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолға алды.
Бұл ретте Кайнарбұлақ тұрғын алабында орналасқан 976 гектар жер учаскесін ағаш көшеттерімен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар бойынша қазіргі таңда 97 500 қарағаш көшетінің 87 мың данасы үстіміздегі жылдың 17 сәуірінен бастап, қазіргі күнге дейін егілді. Қалған 10 500 қарағаш көшетін егу жұмыстары мамыр айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Алдағы уақытта отырғызылған көшеттерді суару жұмыстары, су тасымалдаушы көліктермен жүргізіледі. Сонымен қатар 976 га жер учаскесінде орналасқан 20 га алма бауын қоршау жұмыстары толық аяқталды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы елімізде 2 млрд. ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Енді міне, мегаполис тұрғындары экологиямен күресуді біріге қолға алып отыр.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re actually a just right webmaster. This web site loading velocity is
amazing. It kind of feels that you’re doing any distinctive
trick. In addition, the contents are masterpiece. you’ve done
a wonderful job on this topic! Similar here: zakupy online and also here:
Ecommerce
Hi! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine
Optimization? I’m trying to get my website to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good
success. If you know of any please share. Cheers! You can read similar text
here: GSA Verified List