Шымкент көшелерінде тазалық жұмыстары жалғасуда

Үшінші мегаполисте сала мамандары тазалық жұмыстарын жүйелі жалғастыруда.


Аудан әкімдіктері тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстары сынды жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ал қаланың біраз көшелерінде «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і қызметкерлері жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте арықтардың бойы қоқыстан тазартылып, шөптері орылды.

Атап айтсақ, Қошқар Ата өзені, «Жаңа шек» каналындағы қоқыстар техниканың көмегімен сыртқа шығарылып, жағалаулары реттелді. Бұдан бөлек, Алпамыс батыр, Пресс автомат, Завод көшелері де қоқыстардан тазартылды. Айта кету керек, бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің аппараты аталған жұмыстарға аудан әкімі аппаратының 39-02-01 кезекші телефоны арқылы шұғыл кесуді қажет ететін қауіпті ағаштар бойынша өтініш берулеріңізге болатындығын назарларыңызға жеткізеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.