Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруды

Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруды,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Шымкенттегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент сыра» зауытына барды.

Сыра зауытының аумағы 9 гектар. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім шығарады. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш бастап тұр.

«Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова қала әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады.

Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жақын күндері квас секілді алкогольсіз өнім шығаруды жоспарлауда. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.

Зауытты аралау кезінде қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.