«Шымкент-цирк» аңдарсыз жаңа қойылымына шақырады

«Шымкент-Циркі» — Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әлемдік бренд «Cirque du Soleil» циркінің бағытында аңдарсыз жаңа қойылымын көрермендер назарына ұсынады.


Бағдарламада әртістердің әуеде ұшуы, батылдық шеңберінде сақтандырусыз өнер көрсететін акробаттар, жас әртістердің дебюттік нөмірлері, клоундардың күлкіге толы жаңа репризалар секілді жаңа нөмірлері бар. Сондай-ақ, Джаз оркестрі танымал композицияларды, шетелдің классикалық музыкаларын жанды дауыста сүйемелдейді.

Айта кетейік, «Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Мекеме биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өнер ұжымы 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастады. Ендігі кезекте, клоун және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытуды көздеп отыр.

Қойылымдар 19,20,21 және 27,28 наурыз күндері, сағат 14:00 және 20:00-де басталады.

Бағдарламаның ұзақтығы 80 минут, 5 жастан жоғары балалар мен ересектерге арналған. Билет бағасы 2000 теңгеден жоғары. Ұжымдық жеңілдіктер де қарастырылған. Билеттер онлайн кассаларда сатылады. 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.