Шымкент: ҚР Еңбек кодексі тікелей эфир арқылы түсіндірілуде

Шымкентте ҚР Еңбек кодексі тікелей эфир арқылы түсіндірілуде,-деп хабарлайды Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталығы.


Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы ҚР Еңбек кодексінің нормаларының сақталуын қадағалау мақсатында Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы тұрақты түрде тікелей эфирде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған.
Сонымен қатар, тікелей эфир барысында жеке және заңды тұлғалар тарапынан келіп түскен сұрақтарға да үздіксіз тиісті жауаптар беріп отырады. Соымен қатар, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындап береді.
Атап айтқанда, осы жылдың 21 мамырында Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы ҚР Еңбек кодексінің 15 тарауы, «ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК» бойынша баптарға жеке-жеке тоқталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде тұрғындар да Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бұл жұмыстарын жоғары бағалап, өздеріне қажетті мәліметтерге қанық болғандарына ризашылықтарын білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.