Шымкент: Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 73,4 пайызы кондоминиум нысанына тіркелген

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу бағытында атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ержан Бекболатов тікелей эфирде сұхбат берді.


– Қалада 2196 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1612-сінде кондоминиум (бірге иелену) нысаны тіркелген. Ол жалпы тұрғын үй қорының 73,4%-ын құрайды. Қалған тұрғын үйлер бойынша кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстарын жандандыру қажет, – деді Ержан Тілемісұлы.
Басқарма басшысының сөзінше, басқарудың жаңа нысандарына көшу және жаңа реформаларды ілгерілету үшін жобалау офисі құрылған. Оның құрамына төрт аудан өкілдері, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері кірген. Бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігі бойынша онлайн тәртіпте таныстыру және оқыту жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.