Шымкент: Қалада вакцинация бойынша толық жағдай жасалған

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен брифинг өтті.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен вакцинация жұмыстарына тоқталды.

– Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Ал вакцина салдыру бойынша елімізде көшбасшылар қатарында тұр. Яғни 1-компоненттен 166 398, 2-компоненттен 69 905 адамға егілді. Өткен тәуліктің статистикасына сүйенсек, І компонентті 1 320, ІІ компонентті 1 149 адам қабылдады. Бұл ретте медицина қызметкерлері тарапынан екпе туралы үздіксіз түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр, – деді Б.Позилов.

Спикердің сөзінше, қалада вакцинация бойынша толық жағдай жасалған. Екпе салдырушыларға 43 пункт және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылған. Яғни, вакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, 15 111 медицина қызметкері, 24 186 мұғалім және 10 451 құқық қорғау қызметкері екпе алды. Одан бөлек, 8 451 созылмалы аурулары бар азамат, 5 616 студент және 101 546 өзге санаттағы ерікті вакцина қабылдады.

Айта кетейік, үшінші мегаполис тұрғындарының басым көпшілігі коронавирусқа қарсы отандық «QazVak» вакцинасына сұраныс білдіруде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.