Шымкент: 36 мұсылман зиратына тазалық жүргізілді

Шымкент қаласы аумағында орналасқан мазарлар мен зират орындарын күтіп-баптау мақсатында «Зират және зиярат ету мәдениеті» тазалық шарасы ұйымдастырылды.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Игі іс-шараға Шымкент қаласының біраз белсенді азаматтары атсалып, өз үлесін қосты. Атап айтқанда, Шымкент қаласы Дін істері басқармасы мен қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты ерікті жастар тобы және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттердің имамдары мен жамағаты қатысты.

Шара аясында қала аумағындағы 36 мұсылман зиратына тазалық жүргізілді және шараға қатысқан жамағатқа имамдар зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіріп, ата-баба рухына құран бағыштап, дұға етті.

Айта кетсек, тазалық шарасына жергілікті әкімдікке қарасты «ЛТД-тұрмыс» ЖШС сынды тазалық мекемелерінің бірлік техникалары жұмылдырылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.