Шымкент: Қауіпті індеттің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген төтенше жағдай мерзімі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталды. Алайда шектеу шаралары біткен жоқ.


Ширатып айтсақ, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 25 мамыр 07:00-ге дейін карантин режимі ұзартылған.

Осыған орай, Қаратау ауданы әкімінің төрағалығымен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Сақтық шараларын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Адам денсаулығына қауіп төндірген індеттің алдын-алу қазіргі уақытта кезек күттірмейтін мәселе.

Еске сала кетейік үкімет басшысы мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейтуді, сондай-ақ, Қытайдан келген барлық адамға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау жүргізуді, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.