Шымкент: Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.


Жиынға қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Манатбекұлы арнайы қатысып, қала аумағында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты бірлесе іске асыруға шақырды.

Кеңес төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен отырыста мегаполистегі коммуналдық мәселелер мен жұмыссыздық жайы жан-жақты қаралып, талқыланды. Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков пен қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бағдат Архабаев атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы баяндап, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Қалалық ассамблеяның консультативтiк-кеңесшi органы болып табылатын кеңестің негізгі міндеті – қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу және жалпыұлттық бірлік саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Бүгінде қоғамдық негізде қала аумағында 5 Қоғамдық келісім кеңесі әрекет етеді. Кеңес құрамы абыройлы ақсақалдар мен этномәдени бірлестік мүшелерінен жасақталған.

Қоғамдық бақылау жасаумен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде іске асырып келе жатқан кеңес отырыстарында соңғы 2 жылда 14 сала жетекшісінің есебі тыңдалып, ассамблеяның диалог алаңында 80-нен астам ұсыныс айтылды. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 140 Comments