Шымкент: Қоғамдық кеңес отырысында электрондық төлем жүйесі талқыланды

Шымкенттегі қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесі енгізілмек.


Бұл жаңашылдық жақында қоғамдық кеңесте  онлайн режимде  талқыланды. Депутаттар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері жаңа жүйе енгізілгенде туындайтын күрделіктердің алдын алу шаралары жайлы жауапты- қалалық көлік тасымалы және автомобиль жолдары басқарма басшысының баяндамасын тыңдады. Студенттер және аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларға қатысты жеңілдіктер қарастырылған.

Бастапқыда қиындықтар болатынын атап өткен Хосчанов мырза тамызда жүйеге толық өту мақсатында қазірден электрондық төлем жүйесіне  кезеңімен өтіп, қателіктерді айқындап, оларды болдырмау бойынша жұмыс атқарылмақ деді.

Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту үшін жыл аяғына дейін қолданыстағы маршруттар желісі жаңартылады. Автобустарға электрондық билеттендіру жүйесі енгізіледі. Көлік картасының бағасы – 500 теңгеге бағаланып отыр. Карталардың 4 түрі болады дейді салаға жауаптылар. Олар – бірыңғай пайдаланылатын және оқушылар мен студенттерге арналған. Белгілі бір санатқа жатқызылғандар тегін жүруге мүмкіндік беретін картаны қолданады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Howdy! This article couldn’t be written much better! Going through this article reminds me of my previous roommate!
    He continually kept preaching about this. I’ll
    forward this information to him. Fairly certain he’ll have a great read.
    Many thanks for sharing!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.