Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасының негізінде «Теріскей» аялдамасында ерекше аялдама орнатылды

Шымкентте «Ақылды аялдама» пайда болды.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Пилоттық режимде жүзеге асырылып отырған «Ақылды аялдама» жобасы жеке инвестор қаражаты есебінен салынып отыр.

«Ақылды аялдама» толығымен жабық, оның ішінде интернет, салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады.

Аялдаманың басты қаңқасы, салқындатқыш, бейнекамера және сыртқы бетінде антивандалды экран орнатылған болса, бүгінде автобус машрутын көрсететін LED экранды орнату ісі жүргізіліп жатыр. Қажетті қондырғылар толығымен орнатылған соң халыққа қызмет көрсете бастайды.

Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, ақылды аялдамалардың санын арттыру жоспарлануда.

Бұл аялдамалардың ерекшеліктері көп. Мәселен, сырттағы ауа температурасы -10 градус болған жағдайда жылу жүйесі бірден іске қосылады. Ал температура -20-дан төмендеген жағдайда қосымша желдеткіштері жұмыс істейді. Бәрі «Ақылды қала» жүйесіне қосылған. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.