Шымкент қаласында азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылған

Шымкент: Екпенің алғашқы компонентін 72 886 адам салдырды.


Тұрғындар өзіне ыңғайлы болған кез келген емханада вакцина салдыра алады.

Бүгінде қалада екпенің 1-компоненті 72 886 адамға, 2-компоненті 7 139 азаматқа салынған. Барлығы 753 медицина қызметкері оқытылып, вакцинациялауға жұмылдырылған.

Жалпы қалада коронавирустың ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілуде.

Қазіргі таңда Шымкентте А сценариі бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы қала В және С сценарийлеріне де толық дайындалды. А сценарийі – ағымдағы жағдай. Ол стационардағы 1 290 төсек-орынды қамтиды. В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, науқастарға арналған төсек-орын саны 4 016-ға дейін көбейтіледі. Ал С сценариі – эпидемиологиялық дағдарыс болса, 5 416 төсек-орын әзірленеді. Қазір қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді.

Сондай-ақ, Шымкенттің «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты 19 сәуірде жергілікті бас санитариялық дәрігерінің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралар туралы қаулысы шықты. Осы шектеу шараларының тиімділігі 2 апта бойы бақыланады. Эпидемиологиялық жағдай одан әрі нашарлаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.