Шымкент: Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«SPUTNIK V», QazVac және «Hayat Vax» вакциналары 154874 адамға салынды. COVID-19 қарсы екпе егу пункттерінің қатары 43-ге көбейді.
Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен.
Департамент мамандарының мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелген жоқ.
Вакцинациялау кезінде тұрғындар өндірушілер бойынша (QazVac, Hayat-Vax SARS-CoV-2 немесе Sputnik V) вакцинаны таңдауға мүмкіндігі бар.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, QazVac (QazCovid-in) вакцинасы 21 күндік интервалмен 0,5 мл-ден екі реттік дозамен салынады. Ал Hayat-Vax SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасы 2-4 апта интервалмен 0,5 мл-ден екі реттік дозамен егіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)» екпесі бойынша вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді. Вакцинаның бірінші және екінші компоненттері арасындағы интервал 45 күн болып белгіленіп отыр. Кейбір жағдайларға байланысты, азаматтардың өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде аталған вакцинаның ІІ компонентін алуға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)» вакцинациясы екі кезеңмен жүргізіледі. 0,5 мл дозада I компонент, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін 0,5 мл дозада II компонент салынады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
buy cheap generic cialis uk Two authors independently extracted the data with the tool of Microsoft Office Excel
2015 Feb 18; 10 2 e0117616 generic cialis online Initially, the scientific community believed that the finding was specific to rats That, because of their feeding strategies in nature, they might figure that the food for which they had to work was an ephemeral source that they had to exploit for as long as possible and that the free food would be around as backup