Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді

Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді. Яғни, Шымкенттегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өткен тәулікте 79 адамнан ауру белгілері табылған.

Оның ішінде белгілері бар — 39, белгілері жоқ — 40. Вирус жұқтырған 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 60 адам үй бақылауына алынды.

Бұдан басқа, қалада өткен бір тәулік ішінде 3 262 адам вакцина алды. Оның ішінде 1587 азамат I компонентін алса, 1675-і II компонентін салдырған. Ал, егу науқаны басталғалы барлығы 167985 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 71591 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Жалпы қалада жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 411737, тәулігіне 2 184. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 24 мобильдік топ 20 мамыр күні 531 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіді. Олар 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.