Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 72 мектеп салу жоспарланған

Шымкентте жаңа оқу жылы жаңа мектептермен толығады.


Оның ішінде биыл 18 732 орынға арналған 32 мектеп құрылысы жүргізіліп (мемлекет — 12, жекеменшік — 20), жыл соңында 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға тапсырылады. Мемлекет тарапынан 4 мектеп, жекеменшік 16 мектеп ел игілігіне беріледі.

Қалалық құрылыс басқармасымен салынып жатқан мектептерге келер болсақ, өткен жылдан өтпелі 1920 орындық төрт мектептің құрылысы жалғасып жатыр.

Атап айтқанда:

— Тұран шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме — «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Бүгінгі таңда қыш қалау жұмыстары – 100%, плита жабындары – 95%, шатыр жабыны – 75%, әрлеу жұмыстары – 55%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстары толығымен шілде айында аяқталады.

— Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынуда. Нысанның құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме — «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 75%, шатыр – 30%, әрлеу жұмыстары – 45%-ға орындалды.

— Сайрам тұрғын алабындағы 300 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме — «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр – 25%, әрлеу жұмыстары – 40%-ға орындалды.

— Сайрам тұрғын алабындағы 120 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Мердігер мекеме — «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Онда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр жабыны – 60%, әрлеу жұмыстары – 35%-ға орындалды.

Аталған білім ошақтары жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, осы жылы құрылыс басқармасымен 8 мектептің құрылысы басталмақ. Атап айтқанда, 300 орындық №46, 47 және 375 орындық №38, 80 мектептер және 1100 орындық №8 мектептің сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алды. Бұл білім нысандарына 2021 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қаралады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 600 орындық №45, 65, 72 мектептердің және Оқушылар сарайының жобалары әзірленіп жатыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.