Шымкент: Үш медициналық ұйымға компьютерлік томография аппараты сатып алынды

Пневмонияға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін 3 компьютерлік томография аппараты сатып алынды.


Бұл туралы бүгін ақпараттық-комуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Позилов Бақытжан мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, жаңадан сатып алынған аппараттар қалалық инфекциялық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханаларына орнатылған.
«Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор септігін тигізеді. Жаңадан сатып алынған аппараттар тәулік бойы қызмет көрсететін үш медициналық ұйымға арнайы орнатылды. Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігінен 156 өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілілген. Аппараттар медициналық ұйымдарға орнатылып, диагностикалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде»- дейді Бақытжан Позилов.
Айта кетейік, үш оттегі станциясын орнату бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Оттегі станциясы қалалық инфекциялық аурухана базасында және №3 қалалық ауруханада орнатылды. Медициналық ұйымдардағы 717 оттегі нүктелерін қосу және сұйық оттегіге арналған 9 цистернаны орнату жұмыстары жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.