Шымкент: Ұлттық теннис орталығын абаттандыру жұмыстары жыл соңында аяқталады

Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда. Бұл туралы anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «АлемСтрой – 1» ЖШС-і абаттандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанды аралап көрді. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінде демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалды. Мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады. Сонымен қатар, құрылыс басқармасының мәліметінше, зоологиялық бақтағы қайта құру жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Жаңадан 2 павильон, жасанды өзен және көпір салынып жатыр. Бүгінгі таңда демонтаж жұмыстары — 90%, іргетас — 30%, көлді бетондау — 40%, қасқырлар үйі — 25%, аюлар үйі — 20%, маймылдар үйі — 30% орындалған.

Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.