Шымкент: Әкімдік кәсіпкерлерге қолдау шараларын көрсетуге дайын

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, өндірістік нысандардың төтенше жағдайдағы жұмыс қарқынымен танысып қайтты.


«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағы — жалпы аумағы 200 га аймақта құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын, 1 630 жұмыс орындарымен 16 жоба жүзеге асырылған аймақ. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-ның аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда.

«Кәсіпкерлеріміз төтенше жағдай әсерінен әртүрлі кедергілерге кезігіп, кейбір нысандар жұмыстарын баяулатуға тура келді. Дегенмен, «Әлем — БТ» шұлық шығаратын фабрикасы, аяқ киім өндіруші «Lux Shoes» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сынды бірқатар өндірістік кәсіпорындар жұмыстарын жалғастыруда. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмектер мен қолдау шараларын көрсетуге дайын екенімізді жеткіздік»,-дейді Береке Талғатұлы.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.