Шымкент: Әлеуметтік нысандар құрылысы ауқымды

Шымкентте түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған көпқабатты үй тұрғызылып, халық саны да артып келеді. Сәйкесінше балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары. Осы орайда шаһарда әлеуметтік нысандар құрылысын салуда ауқымды істер қолға алынған.

Білім саласы нысандары

Шымкентте білім нысандарының құрылысын жүргізу жоcпарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 7 нысан, атап айтсақ, (№39 (375 орын), №50 мектептерге қосымша ғимараттар (575 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран ш.а. 2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 мектеп-интернат — 40 орын, С.Рахимов атындағы мектеп) бар. Ал күрделі жөндеуден – 5 нысан өтеді. (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты). Осы аталған нысандардың 4-еуі биылғы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қалған 3 нысанның құрылысы (№50 мектепке қосымша ғимарат, Тельман 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп) 2025 жылы аяқталады. Ал, 4 күрделі жөндеу нысандары толығымен жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылса, қалған 1 нысан құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 4 200 орынға арналған 12 білім нысандарының жобалау-сметалық құжаттары дайын. Нақтырақ айтар болсақ, № 16, 19, 25, 41, 53, 66, 68, 82, 116, 121, 122 мектептерге қосыша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы бар. Бұдан бөлек, 4 күрделу жөндеу нысандарының (№ 96 мектепті күрделі жөндеу, № 126 балабақшаны күрделі жөндеу, №1 лицей-интернатты күрделі жөндеу, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу) ЖСҚ-сы әзірленуде. Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 11 мектептің (15 800 орын) құрылысын 2024 жылы ал, 7 мектептің (12 200 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

 Мәдениет саласы

5 мәдениет нысандарының құрылысын салу жопарланған болатын. Олар: Өтеміс, Базарқақпа, Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарындағы мәдениет үйлерінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бәйдібек би №115/1 ғимаратын қайта құру құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Опера және балет театрының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.

Спорт саласы

2 спорт нысаны, олар №12 спорт мектебі және №15 спорт мектебінің құрылысы жүргізілуде. Биыл №12 спорт мектебі аяқтау жоспарланған. №15 спорт мектебінің құрылысы келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығы жобалау-сметалық құжаты дайын. Ал екінші жоба «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және паралимпияда, сурдолимпияда спорт кешенінің құрылысының жобалау құжаты әзірленуде.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin