Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда

Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Әл-Фараби ауданында көп қабатты тұрғын үйлер арасында ішкі орам жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.


Атап айтқанда, Әлімбетов көшесі 45в, 45б, сондай-ақ «Спорт» шағын ауданында 14, 15 көп қабатты үйлер арасына асфальт төселді. Бұл – тұрғындар мен автокөлік қозғалысына оң септігін тигізіп отыр.

Осыған дейін аудандағы 6 аулаға 3 494 шаршы метр аумаққа асфальт жол төселген болатын. Айта кетейік, аудан бойынша 404 көшенің жалпы ұзындығы 282 шақырым. Оның 215 шақырымы асфальт жабынымен қамтамасыз етілген, 55 шақырымы тас жол, қалған 12 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, жалпы, биыл 223 нысан пайдалануға берілсе, 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Ал осы жылдың мамыр айының соңына дейін 136 нысан, маусым мен тамыз айларында 75 нысан ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ қаладағы тағы бір маңызды жол жөндеу жұмыстарының бірі – А-2 «Хоргос-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолы Бадам өзені үстінен өтетін көпірді қайта құру учаскесінің ІІІ кезең жұмыстары. Аталған көпірдің ұзындығы – 144 м., ені – 28,2 м. Бұл жоба 2020 жылы толық аяқталып, қала тұрғындарының игілігіне берілмек.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.