Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы ирригациялық арықтар қоқыстан тазартылды

Шымкент қаласы,  Әл-Фараби ауданындағы ирригациялық арықтар қоқыстан тазартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Жалпықалалық сенбілікке қатысқан Әл-Фараби ауданының тұрғындары көшелердің ирригациялық жүйелері мен аяқжолдарды қоқыстан тазартты.

Сондай-ақ, тазалық шарасында көшелердің шөбі орылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік жұмыстарына 8350 адам, 56 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, 5 маусым — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шымкентте «Бірге- таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акция аясында қала әкімдігі, тұрғындар жалпықалалық сенбілікке шықты.

Мәселен, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы және оған қарасты дендросаябақ және «Жасыл белдеу» мекемелерінен 58 адам қатысты. 7 техниканың көмегімен 7 шақырым жолдың бойы тазаланды.

Сондай-ақ, тазалық шарасынан Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілері де тыс қалмады. Елуге тарта жас Желтоқсан көшесінің бойында арық-атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстардан тазартты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.