![](https://anyq.kz/wp-content/uploads/2021/06/192755813_2940705506175797_6821573134474812487_n-880x528.jpg)
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданындағы саябақтарға рейд ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімідігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шымкент қаласында саябақтар мен демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының орындалуы басты назарда.
Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесе аумақтағы «Кең Баба», «Mega Planet», «Hyper House», «Shymkent Plaza», «Nauryz Park» сынды ойын-сауық кешендерінде аттракциондар мен батуттардың жұмысын тексерді.
Ондағы қауіпсіздіктің қатаң сақталуы жөнінде арнайы бақылаушыларға түсіндіру шараларын жүргізді.
Атап өту керек, Әл-Фараби аудан аумағында жалпы 11 саябақ және 9 ірі сауда орталығы бар. Аумақта адам көп шоғырланған жерлерде санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ күнделікті жұмыс атқарып келеді.
Бүгінде рейдтік тексеру нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 3 200 кәсіпкерлік нысан анықталды, соның ішінде 2 013-не әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының барлық аумағында тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары да күшейтілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат