Шымкент: Әл-Фараби ауданында «Таза Қазақстан» науқаны жалғасуда

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында таңмен таласа тазалық жұмыстары басталып кетті. Көктемде бастау алған “Таза Қазақстан” акциясы аясында әр апта сайын жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қала қоқыссыз қалаға айналып, шырайлана түскендей.

Өйткені бұл шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, және қаланың тазалығын сақтауға бағытталған. Акция барысында еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ аудан қызметкерлері қатысып, қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарын атқарды.

“Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауда, экологиялық жағдайды жақсартуда және қала тұрғындарының жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Қаланың тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізуде. Тұрғындар арасындағы бірлік пен ортақ жауапкершілікті нығайтуда” дейді тұрғындар.

Иә, “Таза Қазақстан” науқанына Әль-Фараби ауданының тұрғындары да белсене атсалысты. Әр тұрғын өз ауласын тазалап, айналасын ретке келтіруге атсалысты.

Ұйымдастырылған науқан аясында көршілер бірігіп, қоғамдық аумақтарды да тазалап, бір-біріне қолдау көрсетті.

Шара аясында 15 шақты арнайы техника 200-ге жуық адам жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда қалада қоршаған ортаның тазалығына, экологияның жақсаруына, қаланың көркейіп, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін шараларға ерекше мән берілуде. Әсіресе «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Халық даналығында «Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл сөз бар. Бүгін Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектептің маңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Тұран ауданы коммуналдық мекемесі мен «Шымкентспецкомплекс» ЖШС жұмысшылары арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды.

-Кез келген сенбілік тек қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол адамдарды біріктіруге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ортақ істі қолға алған әрбір адам қала тазалығына өз үлесін қосу арқылы өзара түсіністікті, ауызбіршілікті нығайтады. Тұрғындары осы сенбіліктер арқылы ортақ мүдде жолында біріккенде, нәтижесінде таза әрі әдемі қалаға айналады. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор, балаларға үлгі көрсетіліп, қоршаған ортаны қадірлеуге үйретеді. Әр сенбілік қаламыздың көркеюіне үлес қосатын қадам, ал экологиялық мәдениет қалыптастыру болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығымыз деп білеміз, — дейді аудан тұрғыны Айша Әлжанова.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы уақытша шара емес, бұл – ел болашағы үшін маңызды бастама. Мұндай бастамалар тек акциялармен шектелмей, тұрақты түрде ұйымдастырылып, жалғасып тұруы қажет шара.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin