Шымкент: Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында әскери-спорттық эстафета өтті

Шымкентте Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында әскери-спорттық эстафета өтті.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бастамашы болды. Мерекелік жарыс жалпы құрамның сапынан басталды.

Жиында сөз алған әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Орынбасар Жұбанов сайыс қатысушыларына сәттілік тілеп, бүгінгі бейбіт өмір ардагерлеріміздің жеңісінің жемісі екенін айтып өтті.

– Біздің бейбіт аспанымыз, ардагерлеріміздің еңбегі. Олар ұрпақтарына бейбітшілік сыйлау үшін иықтарында өте үлкен ауырлықты көтерді. Біздің міндетіміз – оны сақтау үшін бәрін жасау. Сондықтан әрбір әскери қызметшінің борышы – әскери істе пайдалы болатын нәрселерді үйрену, — деді О. Жұбанов.

Спорттық сайыста 6 команда бақ сынасты. Олар эстафетада жүгіру, граната лақтыру, гір теуіп жүгіру, пневматикалық мылтықтан нысананы ату, зембілде жаралыларды тасымалдау және жүк көлігінің дөңгелегін көшіру тапсырмаларын орындады.

Мұндай әскери-спорттық жарыстар жеке құрамды шынықтыру деңгейін арттыру мен әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.