Шымкент: «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданында 88 үйдің құрылысы жоспарланған

Шымкент қаласының әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен құрылыстың сапасын бақылау мақсатында Тұран шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданында 88 үйдің құрылысы жоспарланған. Жалпы пәтер саны 5576, ол 345 мың шаршы метр. Оның ішінде, 2020 жылы 27 үй пайдалануға берілген. Ал,биыл қалған 61 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Пәтер саны 3848. Бүгінде 37 үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, 24 үйдің құрылысы енді басталады.

Жыл қорытындысымен 108 мың шаршы метр болатын 29 үй пайдалануға беріледі. Осылайша тағы 1880 отбасы баспаналы болады. Қалған 32 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.

Тұрғын үйлердің құрылысын «Отау–Строй» ЖШС, «А.Р.Т-Құрылыс» ЖШС, «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС, «Корпорация «Сити-Строй» ЖШС, «Авторемстрой ЛТД» ЖШС, «СК Реал-Строй» ЖШС, «ПМК-7К» ЖШС, «Hadid» ЖШС және «SHEBERBUILD» ЖШС сияқты бас мердігерлер жүргізуде.

Әкім Мұрат Әйтенов жұмыс сапасына ерекше мән бере отырып құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.