Шымкент: Өтеміс каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Шымкентте Өтеміс елдімекенінде орналасқан Өтеміс каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.


Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков және орынбасары А.Джанбатыров құрылыс жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Каналдың жалпы ұзындығы 10 шақырым, ал іргелес жатқан жер көлемі 369 гектар, қазірігі таңдағы су өткізу қабілеттілігі 1м3 құрайды. Каналдан Өтеміс елді мекені тұрғындарының 312 үй іргелік және 15,6 га жерлеріне ағын су жеткізіледі.

Қазіргі таңға елдімекенде пайдаланып жатқан жер көлемі 90 га құрайды, себебі каналдың су өткізу қабілеттілігі төмендеген.

–Бүгінгі күні каналдың су өткізу қабілеттілігі мен сыйымдылығын артыру үшін 10 шақырымға бетондалған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта 369 гa егіс алқабы толығымен игеріліп, су өткізу қабілеттілігі 1,5 м3 құрап, жылына 250 тонна көкөніс дақылдары, 100 тонна дәнді дақылдар және 350 тонна мал азығын дайындауға мүмкіндік болады, – дейді басқарма басшысы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.