Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда.
Өткен тәулікте 593 нысанға (559 кәсіпкерлік нысан, 34 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
2021 жылы 20 сәуір күні қалада 3 482 адам вакцина салдырды (I компонент – 3396, II компонент – 86). Егу науқаны басталғалы барлығы 71 284 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7004 адам екпенің екі компонентін алды.
Өткен тәулікте КВИ-дің 80 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 56, белгілері жоқ — 24). 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30). Төсек-орын толымдығы 34 %-ды құрайды, 844 төсек-орын бос.
Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе алуға шақырамыз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Excellent way of explaining, and nice paragraph to get information concerning
my presentation subject, which i am going to deliver in school.
Hey there I am so grateful I found your site, I really found you by mistake, while I was browsing on Digg for something else, Nonetheless I am
here now and would just like to say kudos for a remarkable post and a all round interesting blog (I also love the theme/design), I don’t
have time to browse it all at the minute but I have bookmarked it and also added in your RSS feeds, so when I have time I will be back to read much more, Please
do keep up the superb job.