Шымкент: №125 мектеп ұжымы қашықтан оқудың барлық оқушыға қолжетімді болғанын қалайды

Көктемгі демалысы үш аптаға созылған мектеп оқушылары сәуірдің 6-сынан бастап IV тоқсанның сабағын оқуға кіріседі. Әрине, бұл жолғы оқу үдерісі өзгешелеу. Балалар қажетті білімді үйінде отырып, ата-ананың бақылауымен қашықтан игермек. Әлбетте, ол үшін оқушыға ең керегі – «Балапан», «Ел арна» арналары көрсететін теледидар, интернет, компьютер, смартфон немесе планшет. Өкінішке қарай, біздің қоғамда мұндай игілікке толық қолы жетпей отырған отбасылардың бары да жасырын емес. Оны қашықтан оқуға әзірлікті пысықтап, қам-қарекет жасау барысында мектеп басшылары мен ұстаздар аңғарса керек.

Мәселен, Шымкент қаласындағы 2 мыңнан астам оқушысы бар №125 жалпы орта білім беретін мектепте 60 отбасының балаларына қашықтан білім алуда қиындық туындаған. Бұл туралы аталмыш мектептің директоры Әсет Сатыбалдиевтен естіп-білдік. Алайда қысылтаяң шақта қол қусырып отырмай, мұндағы ұжым тығырықтан шығудың амалын ойластырыпты. Яғни компьютері жоқ оқушылардың үйіне мектеп компьютерлерін уақытша пайдалана тұру үшін таратып беруге шешім қабылдаған.

«Қазақстанда бұған дейін қашықтан оқыту форматы болмады. Сол себепті мектептердегі білім беру ісінде техникалық дайындық, ұстаздардың цифрлық сауаты, интернет желісінің дайындығы, техниканың қолжетімдігі секілді мәселелер туып отырғаны анық. Осы орайда демеушілік жасауын өтініп, бірқатар кәсіпкерлерге жүгінуге тура келді. Сөзімізді жерде қалдырмаған, қандай жағдай болса да, өскелең ұрпақтың кедергісіз білім алуына алаңдаған Нұрділдә Байділдәұлы Оспанов пен Жеңіс Жолиддунұлы Ерғабылов сынды жомарт азаматтарға алғысымыз шексіз. Н.Оспанов «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік сандық телерадиохабар тарату желісіне қосылуға мүмкіндік беретін 3 тюнер-антенна, ал Ж.Ерғабылов 7 смартфон сатып әперді. Смартфондардың барлығына нөмір алып, интернетке қостық. Теледидар әперуге де құлық танытып отырған азаматтар табылды. Әзірге мектебіміздің меншігі саналатын бір теледидарды мұқтаж отбасыға бергелі отырмыз» — дейді Әсет Сатыбалдиев.

Мектеп басшысы уақытша пайдалануға берілген компьютерлердің барлығын интернет желісімен қамтуға қаржы қарастырып жатқанын да айта өтті.

Осылайша жоқтан бар жасап, қолда барды ұқсатып, қашықтан оқытуға бар күш-жігерін салып жатқан мектеп ұжымының ширақ қимылына сүйсініп, Қайнарбұлақ тұрғын алабының биі Сегізбай Өскенбаймен бірге істеріне сәттілік тілеп қайттық.

Тұтқабай ЕСЕНБАЙҰЛЫ.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 283 Comments

  1. buy prescription drugs viagra without a prescription or <a href=" http://www.grandhotelnizza.it/gallery/imagevue/phpinfo.php?a=tadalafil without a doctor’s prescription «>viagra without doctor prescription amazon
    https://toolbarqueries.google.lt/url?q=http://edwithoutdoctorprescription.store buy prescription drugs without doctor
    buy prescription drugs without doctor buy prescription drugs online and non prescription erection pills viagra without a doctor prescription