Шымкент: 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

Шымкентте инфекциялық стационар болып жұмыс істеген орталықта 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті


Вирустық инфекция өршіген тұста қаладағы Асар шағынауданындағы балалар клиникалық аурухана базасында көп бейінді провизорлық орталық ашылған. Мұнда дәрігерлер коронавирус, пневмония дертіне шалдыққан ауыр және орташа халдегі балаларға емдеу шараларын жүргізді.
 
Екі айдан аса инфекциялық стационар болып жұмыс істеген орталыққа 107 науқас келіп түскен. Оның ішінде 98 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас балаларға провизорлық стационардағы 20-ға жуық қызметкер тәулік бойы емдеу шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде балалар ауруханасындағы стационарда өлім жағдайы тіркелмеді дейді мамандар.
 
Айта кететін жайт, балаларға арналған провизорлық орталықта пульмонолог, травматолог, хирург, невролог, нейрохирург, аллерголог сынды бейінді дәрігерлер бар.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастап кетті.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.