Шымкент: 18 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 70 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бүгінгі таңда 18 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ал 37 тұрғын үйде жұмыстар жалғасу үстінде. 1 үйде жұмыстар енді басталатын болса, қалған 14 үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өздері жасағандықтан бас тартқан.

Аяқталған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам шағынауданында орналасқан көпқабатты үйлерге барды.

Ерімбетов көшесіндегі №34а, 30, 33, 9 тұрғын үйлердің шатырлары ауыстырылып, кіреберіске жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кейбірінің қасбеті жаңа кейіпке енсе, енді бірінің лифттері жөнделген. Одан өзге жертөле, кәріз жүйесі, электротехникалық және монтаж жұмыстары атқарылған.

Модернизациялау жұмыстарына жауапты — «Тұрғын үй- Шымкент» ЖШС-і мердігер мекемесі. Мұрат Әйтенов тұрғын үй төрайымдарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды көрді. Сондай-ақ, сала басшысына жұмысы аяқталмаған нысандарды мерзімінде сапалы аяқтауды жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.